Қоғам

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот 18 тамызда басталады

2025 жылдың қарашасында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы 18 тамызда басталады. Бұл туралы Астана қаласының соты хабарлады.

Ұлдана Мырзуан

Ведомство мәліметінше, іс бойынша алғашқы ашық сот отырысы 18 тамыз күні сағат 15:00-де өтеді. Процеске бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 8 қарашада Астанада болған. Тұрғын үй ғимаратының қасбеті құлаған кезде оқиға орнына медициналық көмек көрсетуге барған екі фельдшердің үстіне кондиционер құлаған. Соның салдарынан Ұлдана Қалдырханқызы ауыр жарақат алып, 18 қарашада ауруханада көз жұмды.

Фельдшердің қаза болуына байланысты Қазақстан Президентінің жарлығымен Ұлдана Мырзуан қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Ал 2025 жылғы желтоқсанда оның есімін есте қалдыру мақсатында Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының ғимаратына фельдшерге арналған ескерткіш тақта орнатылды.

Енді қайғылы оқиғаға қатысты сотта істің мән-жайы қаралып, оған жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз