Фельдшер Ұлдана Мырзуанның соты: Айыпталушының адвокаты судьяға қарсылық білдірді
МИБ төрайымы Сәуле Жұбаниязованың қорғаушысы судьяға қарсылық білдіру туралы өтінішхат түсірді.
Қорғаушы тарап судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдіруді сұраған. Адвокат Асхат Әлімов өз міндетін атқаруға тек бүгін кіріскенін айтып, іс материалдарымен толық танысуға мүмкіндік берілмегенін алға тартты. Сәуле Жұбаниязоваға үйді басқару міндеттерін тиісінше орындамады деген айып тағылған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол ғимараттағы қабырғаны тиісті деңгейде тексермеген.
Соның салдарынан кондиционердің сыртқы блогы құлап, құтқару жұмыстарына қатысып жүрген фельдшер Ұлдана Мырзуан қаза тапқан. Қайғылы оқиға Астанада құтқару операциясы кезінде болған.
Сот қорғау тарапының судьяны ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмады