«Формула-1» трассасына ақша аямаған облыс жол жөндеуге қаржы іздеп жүр
Алматыоблысындағы жалпы жолдардың 78 пайызы жақсы және қанағаттанарлықдеңгейінде екен.
Ал жөндеу көрмеген қалған 22 пайызы – орташа. Өңірде жалпысаны 284 көпір болса, соның 108-і апаттық жағдайда. Олар алдағы 3 жылда жөнделмек.
Тілшілерге алдағыжылдың жоспарларымен бөліскен Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобильжолдары басқармасының басшысы Ержан Бәкірбайұлының айтуынша, биыл облыстық маңызыбар жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға 20 миллиард 400 миллион теңге бөлінген.Оның 12 миллиарды жергілікті, қалған бөлігі республика бюджеті есебіненберілген. Ол ақшаға облыстық маңызы бар жолдардың 28 шақырымына құрылыс жәнеқайта жаңарту, 60 шақырымына күрделі жөндеу, 193 шақырымына орташа жөндеу және9 көпірге күрделі жөндеу жасалып жатыр. Биылғы жасалатын жолдардың ұзындығы 360шақырым. Дегенмен, басқарма басшысының сөзінше, Алматы облысындағы жолдардытолық жөндеп шығу үшін әлі де қомақты қаражат керек.
–Облыстағы жолдардың бұзылуы оларды қалпына келтіруденжылдам жүріп жатыр. Яғни, біз жолдарды жөндеп әлекпіз. Ал олардың бұзылупроцесі алдымызды орап тұр. Қазіргі біз сұрап отырған ақша жолды жөндеуге қажетсоманың 40 пайызын ғана құрайды. 2006 жылдары облыс жолдарын жөндеуге ақшаберілмейтін. Тек күтіп ұстауға ғана 1-ақ миллиард теңге бөлінетін. Келесі жылы531 шақырым жолды жөндеуге бюджеттен 30 миллиард теңге сұрап отырмыз–-дейді Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобильжолдары басқармасының басшысы Ержан ЖАСЫБАЕВ.
Талдықорғанда өткенхалықаралық инвестфорумда облыс әкімі жылына бір мәрте өтпек «Формула-1» жарысының трасса құрылысы аяқталуға жақын дегенеді. Жалпы, «Формула-1» трассасының ұзындығы 7 шақырымнан аспайды. Осы 7шақырымдық трассаны салуға облыс әкімінің сөзімен айтсақ, 74 миллард теңгежұмсалған. Ал тиісті басқарманың басшысы 531 шақырым (!) жолды жөндеуге 30миллиард теңге сұрап жүр.
Алматы облысындағыавтомобиль жолдарының ұзындығы – 8960шақырым. Оның 2822-і республикалық, 6138-і облыстық маңызға ие.
Оқи отырыңыз: Алматыоблысында 35 шақырым жол 2 жыл бойы жасалып келе жатыр