Қоғам

Фукусима трагедиясы: Жапония 48 сағаттан кейін тазартылған суды мұхитқа жібереді

Жапония Фукусимада болмаған ядролық апаттан кейін радиоактивтен тазартылған суды Тынық мұхитына 48 сағаттан кейін жіберуді ойлап отыр.

Фукусима трагедиясы: Жапония 48 сағаттан кейін тазартылған суды мұхитқа жібереді

Тіпті көрші елдердің қарсылығына қарамастан осы әрекетке баруға тура келген.

Аталған мәселе БҰҰ-ның ядролық бақылау бөлімінің мақұлдауынан кейін бірнеше апта ішінде талқылаудан өткен.

2011 жылы болған цунамиден кейін 1,34 миллион тонна су зауытқа толып қалған, бұл олимпиада ойындарындағы 500 бассейнге пара-пар көлемдегі су.

Жапон билігі зауыт орператорларынан дайындықты аса сақ түрде бастауды, ақырындап кірісуді сұрап отыр. Олар 24 тамызда мұхиттағы ауа райының бірқалыпты болуына да назар аудару керек екенін жеткізді. Бұл туралы Жапон премьері Фумио Кисида мәлімдеді.

Премьер Кисида жексенбі күні зауытқа барып, суды мұхитқа жіберудің аса маңызды екенін, ұстап тұрудың үлкен шығын екенін көріп қайтқан.

Жапония он жыл бойы үлкен апаттан кейін жиналған суды сақтап отырған. Енді оны сыртқа шығармаса, орын да тарылып жатыр. 

Еске сала кетейік, 2011 жылы Жапонияда 9,0 балдық жер сілкінісі болып, Фукусимадағы үш бірдей атом электр станциясы жарылған болатын. Бұл трагедия Чернобылдан кейінгі болып тұрған аса ірі көлемдегі қайғы оқиға ретінде есте қалды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз