Футболдан Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы соғыста қаза тапты
2024 жылдың қыркүйегінде есірткі сатуға әрекеттенгені үшін сотталған Алексей Бугаев Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған.
Ресей құрамасының бұрынғы футболшысы Алексей Бугаев 43 жасында Украинадағы соғыста қайтыс болды. Бұл туралы Sports.ru спорт заңгері Антон Смирновқа сілтеме жасап хабарлады. Спортшының өлімі туралы ақпаратты Бугаевтың әкесі басылымға берген сұхбатында растады.
Мәскеудің «Торпедо» клубының түлегі Алексей Бугаев Мәскеудің «Локомотив», «Том» және «Краснодар» командаларында да өнер көрсетті. 2003-2005 жылдары Ресей құрамасы сапында жеті матч өткізді, оның ішінде екеуі 2004 жылғы Еуропа чемпионатын. Бугаев 2010 жылы 29 жасында спорттан кеткен. Ол футболдан кетуінің себебі ретінде отбасылық жағдайларды атады.
2023 жылдың қазан айында Алексей Бугаев жалпы салмағы 500 граммға жуық метилефедронмен ұсталды. 2024 жылдың қыркүйегінде ол есірткі сатуға әрекеттенді деген айыппен тоғыз жарым жылға жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге сотталды. Қорғаушы тарап полицияның айғақтарды бұрмалағанын алға тартты, бірақ сот отырысында экс-футболшы өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтты.
Үкім жарияланғаннан кейін бірден Бугаевтың адвокаты Константин Жеребцов футболшының Ресей Қорғаныс министрлігімен келісім-шарт жасасып, майданға аттануға ниетті екенін айтты.