Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:30, 31 Мамыр 2024

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев қызметінен кетті

ы
Фото: из открытых источников

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қызметінен кетті.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Футбол үйінде Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабымен кездесу өткізді.

Бас бапкер Магомед Адиев мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын алға тартып, қызметінен кетті, делінген хабарламада.

ҚФФ мұндай бағытқа да дайын болғанын айтып, келесі аптаның басында жаңа бапкер таңдайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Магомед Адиев 2022 жылдың 27 сәуірінен бері футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарды. 

Фото: ҚФФ

Тегтер: