Саясат

Гаджи Гаджиев Киевте журналист Наталья Садықоваға қарсы сотқа жүгінді

Қазақстандық кәсіпкер, Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті Гаджи Гаджиев журналист Наталья Садықоваға қарсы ар-намыс пен іскерлік беделді қорғау туралы талап арыз берді.

Гаджиев

Іс Шевченковский районный суд Киева қарауына жолданған. Бұл туралы Азаттық Азия жазды.

Талап арыз YouTube-тағы «Бәсе» арнасында жарияланған видеоларға байланысты. Онда кәсіпкер «Қазақстандағы көлеңкелі биліктің архитекторы» ретінде сипатталған. Садыкова бұл талапты қысым көрсету құралы деп бағалап отыр.

«Бәсе» арнасы Гаджиев туралы алғаш рет 2022 жылдың соңында жариялаған. Авторлар оның Қазақстан–Қытай шекарасындағы контрабандалық ағындарды бақылауы мүмкін екені туралы деректер барын мәлімдеген.

2024 жылдың жазында арна авторларының бірі Айдос Садықов Киевте қастандық салдарынан ауыр жараланып, екі аптадан кейін ауруханада көз жұмды. Оған үйінің маңында оқ атылған. Кейін Украина тергеу органдары бұл іске қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматтары Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаевты атаған.

Қастандықтан кейін Наталья Садықова Қазақстан билігін және Гаджиевті оқиғаға қатысы болуы мүмкін деп айыптаған. Ал кәсіпкер бұл мәлімдемелермен келіспей, оларды жалған ақпарат деп санайды.

Талап арызда Гаджиев Садықовадан өзі туралы барлық материалдарды өшіруді және ресми түрде терістеу жариялауды талап етеді. Сондай-ақ моральдық шығын ретінде 100 мың гривен (шамамен 2,5 мың доллар) өндіріп алуды сұраған.

Айта кетейік, Украина Бас прокуратурасы бұған дейін Қазақстанға Гаджиевтен жауап алу туралы сұрау жолдағанымен, ол орындалмаған. Кәсіпкердің өзіне қатысты ресми айып тағылмаған.

Ал украиналық «Миротворец» жобасы оны санкцияларды айналып өтетін саудаға қатысы бар тұлға ретінде өз тізіміне енгізген.

Алғашқы сот отырысы 22 сәуірге жоспарланғанымен, тараптардың дайын болмауына байланысты маусым айының басына шегерілді. Наталья Садықова сотта өз ұстанымын қорғауға дайын екенін мәлімдеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз