Қоғам

Газ баллон жабдығы бар машиналар айыптұрағына жіберіліп жатыр

Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жабық паркингтерде газ жабдықтары бар машиналардың бар-жоғын тексеріп жатыр.

Газ баллон жабдығы бар машиналар айыптұрағына жіберіліп жатыр

Сонымен қатар тұрғындарға ондай машиналарды тұраққа қоюға тыйым салынатыны жайлы түсіндірілді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, елімізде «Газбаллон» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары да қалыс қалған жоқ.

24 тамызда Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментінің қызметкерлері «Газбаллон» республикалық жедел алдын алу іс-шаралары аясында рейдтік іс-шаралар өткізді.

Рейд барысында Орал қаласының «Орал», «ASIA MALL» сауда-ойын-сауық орталықтарының, «Юнис сити» және «Олимп» тұрғын үй кешендерінің жерасты автотұрақтарында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 4 фактісі анықталып, әкімшілік іс қозғалды. Аталған іс-шаралар барысында барлық автокөлік иелеріне қауіпсіздік талаптары жеткізілді.

Сонымен қатар рейд барысында автокөлік құралдарына тиісті рұқсатсыз газ-отын жүйесін орнатқан автокөлік иелерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құжаттары жоқ газ баллонды жабдықтары бар 5 автомашина айыппұл тұрағына жөнелтілді.

«Газбаллон» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерінде қозғалтқыштары сығылған табиғи газбен немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін газ баллонды жабдықпен жарақтандырылған, өзге мақсаттағы және оларға жапсарлас салынған ғимараттарда, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан автотұрақтар мен жабық типтегі үй-жайлар мен паркингтердегі автокөліктердің тұрағына тыйым салынғанын еске салады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз