Саясат

Газада Израиль шабулынан 13 мыңнан астам бала көз жұмды

ЮНИСЕФ өкілдері Газа секторындағы балалардың ахуалы туралы хабарлады.

р

Ұйым мәліметінше, қарулы қақтығыс басталғалы Газа секторында 13 мыңнан аса бала көз жұмған. Тағы 17 мыңы жақындарынан айырылып, жетім қалған. 

Мамандар балалардың біліміне де алаңдаулы. Өйткені атыс-шабыстан өңірдегі мектептердің 80% бүлінген. Салдарынан оқушылар сабақ оқудың орнына үй-жайын тастап, басы ауған жаққа босып кеткен. 

Фото: aa.com.tr

Тегтер: Газа секторы
Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз