Геннадий Головкин тағы бір лауазымды қызметке сайланды
Геннадий Головкин 2026-2029 жылдарға арналған ISSA Атқарушы комитетінің вице-президенті болып сайланды.
ҰОК мәліметінше, сайлау 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтіп жатқан ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында өтті. Головкин Азия және Еуропа өңірлеріне жауапты болады.
Жаңа қызметінде ол осы өңірлердегі Ұлттық Олимпиадалық комитеттердің атынан ISSA жұмысына қатысып, спорт ұйымдарына қолдау көрсетуге, спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға және мүше елдер арасындағы байланысты нығайтуға атсалысады.