Саясат

Гренландияны АҚШ-қа қосуға дәмелі Дональд Трамптың ұлы сол жаққа сапарға аттанды

Кіші Дональд Трамп Нуук қаласына «Трамп» деген жазуы бар ұшақпен келді. Дания Сыртқы істер министрлігі бұл ресми сапар емес деп мәлімдеді.

1

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп аумақты бақылауды қалайтынын хабарлағаннан екі аптадан кейін Кіші Дональд Трамп Данияның Гренландиясындағы Нуук қаласына барды.  Бүйірінде «Трамп» деген жазуы бар Boeing 757 ұшағы сейсенбі, 7 қаңтар күні әуежайға қонды.

Трамп сапары туралы 6 қаңтарда Truth Social сайтында жариялады. «Менің ұлым кіші Дон және басқа да АҚШ өкілдер ол жерге ең керемет  көрікті жерлерді аралау үшін барады», - деп жазды ол.

Дания Сыртқы істер министрлігі өз кезегінде бұл ақпаратты назарға алғанын мәлімдеді. «Бұл Американың ресми сапары болмағандықтан, Дания Сыртқы істер министрлігі бұдан былай ешқандай түсініктеме бермейді», - деп хабарлады Франс Пресс департаменттен.

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз