спорт

Хаби Алонсо: «Дастан Сәтпаев әлі талайды таңғалдырады»

«Челси» клубының бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың ойынына жоғары баға берді.

Хаби Алонсо: «Дастан Сәтпаев

«Дастан – өте мықты әрі жылдам футболшы. Оның ойыны сіздерді әлі талай тәнті етеді. Мен оны өткен жылдан бері, Алматыдағы кезден білемін. Сол кезде-ақ оның ерекше ойыншы екені байқалды. Ол шабуылға сәтті қосылып, қарсылас қақпасына үнемі қауіп төндіреді», - деді Алонсо.

Еске салайық, жуырда Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамында алғаш рет алаңға шықты.

Австралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы жолдастық кездесуде ол матчтың 6-минутында гол соғып, алғашқы ойынында-ақ көзге түсті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз