Халықты арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда
Азық-түлікбағасының тым аспандап кетпеуі үшін, яғни, бағаны ауыздықтау мақсатындаауылшаруашылығы министрлігі барлық шараларды қолға алуда.
Сондай-ақ, халықтыазық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және импорт көлемін төмендету үшін ауылшаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту бойынша да жұмыстар жалғасынтабуда.
Жалпы алғанда әлеуметтікмаңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында өңірлерменазық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыружүргізіледі. Қазіргі кезде республика бойынша қолда бар және жауаптысақтаудағы азық-түлік тауарларының көлемі 29,8 мың тоннаны құрайды. Яғни,нақтырақ айтар болсақ, картоп – 8,6 мың тоннаны, бірінші сортты бидай ұны – 6,8мың тонна, қант – 6,6 мың тонна, пияз – 2,1 мың тонна, сәбіз – 1,9 мың тонна,күнбағыс майы – 1,0 мың тонна, қарақұмық жармасы – 0,6 мың тонна, күріш – 0,2мың тоннаны құрайды.
Ал, сатып алуинтервенцияларын жүргізу үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар есебінде 3,7 млрд. теңге қаражат бар.
Қазір тұрақтандыру қорларын қалыптастыру тәсілдеріжетілдірілді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларыныңбағаларын тұрақтандыру бойынша жаңа тетік енгізілді. Енді әлеуметтікмаңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктері екі деңгейдегі құжаттармен реттелетінболады. Яғни, әлеуметтік маңызыбар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудыңжалпы тәртібін айқындайтын, ауыл шаруашылығы министрлігі бекітетін үлгілікқағидалар бар.
Ол бойынша аталғантүзетулермен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жұмысына көбірек еркіндікберу арқылы тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларыжеңілдетілді. Енді, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен сатып алужәне тауарлық интервенцияларын жүргізу, азық-түлік тауарларын жаңарту нормасыалынып тасталды. Жергілікті атқарушы органдар тұрақтандыру қорларына сатыпалынатын тауарлар тізбесі мен оларға шекті сауда үстемесін ғана анықтайды. Алқалғандарын әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар өздері жүргізеді.
Сонымен қатар,әлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарларын бекітілген төмендетілген бағаменөткізу талаптарымен кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру арқылы бағанытұрақтандырудың жаңа тетігі енгізілді. Қарыз беру қарыз шартын жасау жолыменқайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық шарттарымен жүзеге асырылады.
Сосын жергіліктіатқарушы органдармен бекітілетін, әр өңірдің ерекшеліктерін есепке алуменегжей-текжейлі тәртібін көрсететін өңірлік қағидалар бар. Бағалардытұрақтандыру бойынша тиімді жұмыс жүргізу үшін, облыстар мен елорда, Алматы,Шымкент қалаларының әкімдері тұрақтандыру қорларына ең қажетті азық-түліктауарларының қорын (қант, ұн, күнбағыс майы және т.б.) тұрақты негіздеқалыптастыруы қажет. Және азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырутетіктерін іске асырудың өңірлік қағидаларын бекітуді және «айналым сызбасын»қолдануды тездетуі керек.
— Кейбіртауарлар бағаларының өсуіне келетін болсақ, ол өндіріс көлемінің төмендеуімен байланысты емес екендігін атапөткім келеді, яғни аталған тауарлар бойынша министрлікпен физикалыққолжетімділік қамтамасыз етілген, - дейдібұл жөнінде ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаров. — Нақтырақ айтатынболсам, ағымдағы жылы пияздыңегістік көлемі 32,8 мың гектардықұрады, бұл 2018 жылғы деңгейден 4,1 мың гектарға артық. Болжам бойыншажалпы жинау көлемі 918 мың тоннанықұрайды, ол халықтың қажеттілігін толық көлемде жабады.
Дәл осылайша сәбіз бойынша ағымдағы жылғы егістік көлемі 20,6 мың гектарды құрады, болжамбойынша жалпы жинау көлемі 567,1 мыңтоннаны құрайды, ол халықтың қажеттілігін толық мөлшеде жабады дегенсенім бар.
Ал, картоптың егістік көлемі 191,3 мың гектардықұрады, болжанған жалпы жинау көлемі 3715,0 мың тонна шамасында, ол халықтың картопқа дегенқажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті.
Жалпы алғанда, жеміс-көкөніс өнімдері бойынша 2021 жылғадейін егістік аудандарының кеңеюі және өндіріс көлемінің орташа есеппен 1,5есеге артуы жоспарланғанын атап өткен жөн.
Күріштің ағымдағы жылғыегістік көлемі өткен жылғы деңгейдегі шамада 101,9 мың гектарды құрады. Болжам бойынша жалпы жинау көлемі 482,0 мың тоннаны құрайды, ол да халықтың күрішке деген қажеттілігінтолығымен жабады.
Ал, сиыр еті бағасының өсуіне маусымдық фактор әсер етіп отыр. Себебі жаппай соютамыздың соңынан бастап жаңа жылға дейінгі кезеңде жүргізіледі. Сонымен қатарқосымша әсер ететіндер қатарына сиыр еті экспортының 4,9 мың тоннадан 20,4 мыңтоннаға дейін өсуін жатқызуға болады.
Сондықтанагроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021жылға дейін сиыр етінің өндірісін 500 мың тоннаға дейін арттыружоспарланған.
Құс еті бағасының өсуі құсеті импортының 1,7 есеге (97,5 мың тоннадан 55,7 мың тоннаға дейін) төмендеуінебайланысты, оны ішкі нарықтағы тұтынудың үлесі 51,3 пайызды құрайды. Осыорайда, 2021 жылға қарай құс еті өндірісінің көлемін 300 мың тоннаға дейінарттыру жоспарлануда.
2021 жылғақарай көкөніс өнімдерінің көлемін арттыру бойынша индикативті болжамдарға жетуүшін ауылшаруашылығы министрлігімен тұқым, тыңайтқыш және гербицид бағасынжартылай арзандату жолымен негізгі субсидиялар қарастырылған. Соныменқатар, сыйақы мөлшерін субсидиялау, жаңбырлатқыш машиналар мен суару жүйелерінинвестициялық субсидиялау жолымен жеміс-көкөніс өнімдері өндірісін арттыру үшінэкономикалық жағдайлар жасалған.
Мал шаруашылығыөнімдерінің өндірісін артыру үшін ет пен сүт өндірісіні көлемін арттырудыкөздейтін ұзақ мерзімді салалық бағдарламалар бекітілген.
Асыл тұқымдымал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасынарттыруды субсидиялау қарастырылған. Өз кезегінде, ҚазАгро холдингімен қажеттінесиелік ресурстар беріледі.
2018 жылы осы холдингарқылы агроөнеркәсіптік кешенін қаржыландыру көлемі 400,1 млрд. теңгені құрады.Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша агроөнеркәсіптік кешенін қолдаумақсатында холдинг арқылы 261,5 млрд. теңге бағытталды.
Фото: kerek-info.kz