Live

Хэллоуин Швейцарияда жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Швейцарияның Цюрих пен Базель қалаларында Хэллоуин мерекесі кезінде жаппай тәртіпсіздік болып, полициямен қақтығыс болды.

1

Оқиғаға қатысушылар қоқыс жәшіктері, электрсамокаттар мен өзге де заттардан баррикада жасап, кейін оларды өртеген.

Қала полициясының мәліметінше, агрессивті топтар құқық қорғау қызметкерлеріне пиротехника, тас пен бөтелке лақтырған. Бұған жауап ретінде полиция су атқыш көліктерді, көзден жас ағызатын заттар мен резеңке оқтарды қолданған. Тәртіпсіздік салдарынан бірнеше көлікке, дүкендердің витриналарына және қалалық инфрақұрылым нысандарына зақым келген.

Ал Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында бүгінгі наразылық акциялары кезінде 100-ден астам полицей зардап шеккен. 13 пен 29 жас аралығындағы 54 адам ұсталған.

Сонымен қатар 17 дүкен бүлініп, тағы бесеуі тоналған. Оқиғаға байланысты 87 қылмыстық іс қозғалған.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Швейцария
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз