Live

ХҚКО қызметкерлері кінәлі ме? Министрлік дерек таралуына қатысты пікір білдірді

Қазақстанда азаматтардың жеке деректерінің жаппай таралуына қатысты тергеу жалғасып жатыр. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінде бұл оқиғаларға мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін деген болжамдарға түсініктеме берілді.

хакер

Бірінші вице-министр Ростислав Коняшкин қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатқанын айтып, істің егжей-тегжейін ашуға шектеу қойылғанын жеткізді. Сонымен қатар ол халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ЦОН) қызметкерлерін кінәлауға асықпауға шақырды.

Оның айтуынша, мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қолжетімділік қатаң реттелген және әр пайдаланушыға рөліне қарай нақты шектеулер қойылады.

«ХҚКО қызметкерлерінің қатысы бар деген қорытынды жасауға әлі ерте. Жүйеге қолжетімділік нақты бөлінген. Егер заңбұзушылық немесе деректерді заңсыз пайдалану фактілері анықталса, қызметкерлерге қолданыстағы заңнама аясында шара қолданылады», – деді вице-министр Үкімет кулуарында.

Министрлік өкілінің айтуынша, деректердің таралуы тек мемлекеттік жүйелермен ғана байланысты емес. Көп жағдайда ақпарат алаяқтардың қолына мына жолдар арқылы түседі:

– интернеттегі фишингтік сілтемелер;
– телефон арқылы жасалатын алаяқтық;
– зиянды сайттарға апаратын QR-кодтар;
– микроқаржы ұйымдары мен жеке IT жүйелерінен болған деректің таралуы.

Ростислав Коняшкин билік деректерді қорғау саласындағы жауапкершілікті күшейту бағытында жұмыс істеп жатқанын да атап өтті. Қазір деректердің таралуына жол берген компаниялар мен шенеуніктер үшін мұндай әрекетті «өте қымбатқа түсіретін» және құқықтық тұрғыда қауіпті ететін шаралар қарастырылып жатыр.

Тегтер: ХҚО
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз