Қоғам

ІІМ ата-аналарды балаларына мұқият болуға шақырады

Қазақстанда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған "Назар аударыңыз – балалар!" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды.

Ішкі істер

Ішкі істер министрлігі шара барысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты бірқатар мәселе анықталғанын хабарлады.

Іс-шара кезінде түнгі уақытта ата-анасы немесе басқа да ересектердің қарауынсыз жүрген 25 мыңнан астам балаесепке алынған. Осыған байланысты полиция ата-аналарды баласының кешкі және түнгі уақытта қайда жүргеніне мұқият болуға шақырды.

Шара барысында білім беру ұйымдарының айналасындағы жол қауіпсіздігіне де назар аударылған. Полиция мен жауапты мемлекеттік органдар мектептерге жақын аумақтардағы жол инфрақұрылымының жағдайын тексерді. Нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою үшін 3 мыңға жуық ұйғарым берілді. Заңды талаптарды орындамағаны үшін 40-тан астам лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұдан бөлек, оқушыларды тасымалдайтын көліктердің техникалық жарамдылығы тексерілді. Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, мектеп ғимараттарын техникалық тұрғыдан нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Іс-шара аясында балалар мен ата-аналарға қауіпсіздік талаптарын түсіндіруге бағытталған ақпараттық жұмыстар да жүргізілген.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Асхат Дюсембековтің айтуынша, баланың қауіпсіздігіне бірінші кезекте ата-ана жауапты. Сондықтан ата-аналар баласының жүріс-тұрысы мен эмоционалдық жағдайындағы өзгерістерге мән беріп, қауіптің алғашқы белгілері байқалған жағдайда полицияға жедел хабарласуы қажет.

Полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар оқу орындарында ғана емес, көшелер мен жолдарда да жалғасатынын мәлімдеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз