Әлеумет

Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізіп жатқанын жоққа шығарды

Иран билігі АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізіп жатпағанын мәлімдеді. Бұл туралы Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Бағаи айтты.

Ақш пен  Иран

Оның сөзінше, қазіргі уақытта Иран АҚШ-пен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ.

Дипломаттың айтуынша, Тегеран әзірге тек Оманмен байланыс орнатып отыр. Бұл келіссөздер Ормуз бұғазы арқылы кемелердің қауіпсіз қатынасын қамтамасыз ететін бағыт бойынша келісімге келуге бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Иран арасында 3 тамызда келіссөздер өтетінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ол Иранға дайындалып жатқан ауқымды әскери соққыдан бас тартып, дипломатияға тағы бір мүмкіндік беретінін айтқан еді.

Тегтер: АҚШ Иран Иран
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз