Қоғам

Иран Болгарияға тағы да ескерту жасады

Иран Болгария билігіне АҚШ-тың әскери базаларын пайдалануға рұқсат бергені үшін тағы да ескерту жасады. Тегеран Софияға осымен үшінші ескерту жолдап отыр.

Иран атом бомба

Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Бағаи әлеуметтік желідегі парақшасында Болгария басшылығы қабылдаған шешімге қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, Болгарияның әскери базаларында АҚШ-тың әуеде жанармай құятын әскери ұшағын орналастыру туралы шешім ел қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Сондықтан мұндай шешімді қабылдаған тұлғалар оның салдары үшін жауап беруі тиіс екенін айтты.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Болгарияның премьер-министрі Румен Радевке алғыс білдірген болатын. Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында Болгарияның Иран тарапынан айтылған ескертулерге қарамастан америкалық әскери әуе базасын пайдалануға келісім бергенін атап өтті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз