Иранда 4 ядролық оқтұмсық өндіруге жеткілікті уран бар — AЭXA
Иран 60 пайызға дейін байытылған уран өндірісін күрт арттырып отыр, бұл ядролық қаруға жарамды 90 пайызға дейін байыту алдындағы соңғы техникалық қадам.
Иранның қазіргі қорлары одан әрі байытылатын төрт ядролық оқтұмсықты шығаруға жеткілікті. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (AЭXA) басшысы Рафаэль Гросси мәлімдеді.
26 қазандағы жағдай бойынша Иранда 60 пайызға дейін байытылған 182,3 кг уран бар, бұл тамыз айындағы есеппен салыстырғанда 17,6 кг артық, деп хабарлайды AЭXA қарашадағы есебі. Иран уран қорын қысқартуға уәде бергенімен, оны көбейтуді жалғастыруда және оның жалпы қоры 6,5 тоннадан асты.
21 қарашада AЭXA Басқарушылар кеңесі Иранды агенттікпен белсенді әрі ашық ынтымақтастыққа шақыратын қарар қабылдады.
Иран парламентінің спикері Мохаммад Калибаф мұны «әділетсіз және консенсуссыз» деп атап, бұл Батыс елдерінің Иранның «бейбіт» ядролық бағдарламасына қатысты «шынайы емес, саясаттандырылған және деструктивті көзқарасын» көрсетеді деп мәлімдеді.
Содан кейін Иран бірқатар жаңа центрифугаларды іске қосу процесін бастады. Калибафтың пікірінше, бұл қадам Иранның халықаралық ұйымдардың «саяси айла-шарғысына» қарсы тұруға бел байлағанын көрсетеді, ал бұл ел «тек бейбіт технологияларды» пайдаланады.