Испанияда матч кезінде футболшының жүрегі тоқтап қалды
"Тенерифе" клубының шабуылшысы Хесус де Мигель "Андорраға" қарсы кездесудің соңында қарсылас қақпашысы Иссус Овононың тізесіне соғылып, есінен танып қалған.
Клубтың мәліметінше, футболшының жүрегі тоқтап, оған алаңның өзінде жүрек-өкпе реанимациясы жасалған.
Жедел жәрдем көлігінде оның жүрек соғысы мен тынысы қайта қалпына келді. Қазір спортшы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.
Оқиғаға байланысты матч тоқтатылды.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.