"Tarlan" топ жарды
Қазақстандағы жекеменшік футбол мектептері мен академияларында тәлім алып жүрген балалар-жасөспірімдер командалары күш сынасты.
Доп додасы 25-30 қазан күндері Шымкент қаласында өтті. Жарыс 2012-2017 жылы туған балалар командалары арасында өтіп, мықтылар анықталды.
Алматылық "FC TARLAN" клубының жас мүшелері 2016 жылы туған балалар арасындағы додада топ жарып, бірінші орынға ие болды.
"Бұл – жас спортшылардың тынымсыз еңбегінің, бапкерлер құрамының кәсіби дайындығының және клубтағы жүйелі жұмыстың жемісі. Сонымен қатар, бұл нәтиже балалар футболына ерте жастан көңіл бөліп, олардың дамуына тұрақты жағдай жасаудың маңыздылығын көрсетеді" – дейді клубтың негізін қалаған кәсіпкер Қайрат Реимов.
Еске сала кетейік, "Tarlan" балалар футбол клубы 2026 жылдың ақпан айында ашылған. Балалар толықтай демеушілік негізде жаттығады: олар форма, жаттығу алаңы және турнирлермен қамтамасыз етіледі, ай сайынғы төлем жасамайды. Сонымен қатар, балалармен тәжірибелі жаттықтырушылар жұмыс істейді.