спорт

Камила Оспанова бокстан Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Камила Оспанова 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Камила Оспанова

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Камиланың қарсыласы Оңтүстік Корея өкілі Мина Жанг болды.

Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен Камила Оспанованың пайдасына аяқталды.

Осылайша, ол Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы сапынан Азия чемпионатының финалына шыққан алғашқы спортшы атанды.

Бұған дейін Айсұлу Мұхит, Ақнұр Тұрсынғали және Мәдира Жұмақан жартылай финалда жеңіліп қалған болатын.

Айта кетейік, 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатыр.

Бұған дейін 23 жасқа дейінгі санатта Қазақстанның ерлер құрамасынан жеті боксшы финалға жолдама алған еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз