Каналдары тазаланған мойынқұмдықтар алғыстарын айтуда
Жер көлемі бойыншаЖамбыл облысының жартысына жуығын, нақты айтсақ 44пайызын, алып жатқан Мойынқұм ауданы – жыр алыбы Жамбылдың кiндiк қаны тамған,Шәмшi әнiн арнаған, қойны аң-құсқа, қойнауы қазынаға толы құт мекен.
Бiр қиырыБетпақтың белiмен, бiр шетi Балқаш көлiмен құшағын айқастыратын ауданда 2017-18жылдары судан шыққан шу алысқа естіліп, бұл ретте, біз де газетімізде бірнешемақала жариялаған едік.
Күні кеше редакциямыздың Жамбылдағы қосынына сол мақалалардың бастыкейіпкері, «Биназар Агро» АӨК-ібасшысы Қамбар Атаевтан хат келді. Бірержыл бұрын «сусыз қалдық, дымсыз қалдық» деп басталатын Қамбардың хаттары бұлжолы алғыс айтуға арналыпты.
«Биназар агро»ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 2017 жылы жалпы көлемі бес гектар жерге қаржысалды. Оның төрт гектары алма бақ және орман питомнигі, бір гектары жүгері.Отырғызылған тал көшеттерінің жалпы саны – 10 мың түп. Сол жылы шілдеайына дейін судың болмауы салдарынан оның 500-ін ғана құдық қазып, итшілеп жүріпқолмен суғарып, аман алып қалған едік. Жеміс ағашы көшеттерінің нарықтағы бағасы500 теңгеден деп есептегенде, сол жылы тек алма бақтың өзінен 5 миллион теңгегешығынға баттық.
Ал былтыр 14 гектар жерге қаржы салдық. Жалпы саны 40 мыңтүп тал ектік. Оның 20 мыңы қаламшадан еккен сәндік ағаш, бес түп райхан гүлі,4000 түп қарағай, 10 мың түп түрлі жеміс ағаштары және 500 түп шырша. Биылда шілдеге дейін су болмай, бас-аяғы екі гектардың ғана өнімін әзер дегендеаман алып қалдық. 10 миллион теңгеге шығынға ұшырадық.
Осылайша тауымыз шағылып, бетіміз қайтып, қолымызды бірсілтеген кезде ауданымызға ауысып келген әкім Мәден Мұсаев: «Биыл судан таршылықкөрмейсіздер, мені облыстан осы шаруаны шешуге арнайы жіберіп отыр. «Ер кезегі –үшке дейін» деген емес пе, биыл сіздерге мен кепіл боламын», – деп, жігеріміздіжанып қолдау білдірді.
Сөйтіп, биыл 9 гектар жерге жүгері, 10 гектарға жоңышқа,20 мың түп тал ектім. Әкім уәдесінде тұрып, көктем-жаз бойы су үзілген жоқ.Жүгеріден гектарына 8 тоннадан өнім алдым. Еккен тал-дарақтарымыз жайқалып, көктептұр. Жоңышқадан да малдың қыстық шөбін толық қамтамасыз ететін өнім жинап алып,сақадай сай отырмыз. Бұл ретте, шалғайдағы біздің мәселемізге қалам тербеп,арнайы келіп дүркін-дүркін материалдар дайындаған сіздерге, «Жас Алаш» газетінежәне ауданымызға жыл басында жыл құсындай болып келген әкіміміз Мәден Мұсаевқамың да бір алғысымызды айтқым келеді. Ол кісі келген бетте жылдар бойыжекеменшіктің қолында болып келген каналдарды мемлекет меншігіне қайтарып қана қоймай,механикалық жасақтың жұмысын жолға қойып, тазалап берді. Басқа ауылдарды қайдам, біздің Биназар, көршілес Күшамант.б ауылдың тұрғындары дән риза. Бұйыртса, келесі жылы өнім көлемін ұлғайтатынболамыз», – дейді ҚамбарАтаев.
Ал «Көркем» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан Бұзаубаев:
– Биылғы жылы егістігімізге су қайта келді. Мен өзімнің 4гектар жерімнің 2,5 гектарына жоңышқа, 1,5 гектарына тары ектім. Жоңышқаны 4 мәртеорып алсам, тары жинауды да аяқтап келемін. Қожалығымда 5 адамды жұмысқа тартыпотырмын. Биылғыдай мол су болса келесі жылы тарының көлемін 4-5 гектарғажеткізуді жоспарлап отырмын, – дейді.
Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынанбілгеніміз, биыл Мойынқұмда арпа, жүгері мен қатар, тары егушілердің қатары дакөбейіпті. Айталық, Күшаман ауылының шаруалары Марал Томанов, МейірбекШынжарбеков, Қайырғали Көбенғараевтер өздерінің 10 гектардан астам жеріндегі өнімінжинауды аяқтап қалыпты. Жалпы, аудандағы Көкжелек ауылында – 100, Күшаманауылында 72 гектар жерге тары егілген. Жаз бойы жоғары күтім көріп, уақытындасуарудың арқасында өсімдік бітік шыққан.
Сонымен қатар облыс орталығынан ең шалғай жатқан осы Мойынқұм ауданы мен Тараз қаласыныңарасы алдағы күндері жақындай түспек. Ендігі кезекте Тараз–Мойынқұм–Тараз бағытындаәуе тасымалы іске қосылмақшы.
«Мойынқұм– облыс орталығынан ең шалғайда жатқан аудандардың бірі. Екі ортадағы жол қиындығықатынап жүрген жолаушылардың көптен көңілінде жүргені даусыз. Бұл мәселе енді оңынаншешілмек. Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовтің тапсырмасына сәйкес,облысымыздағы шағын авиацияны дамыту қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда облысорталығынан Мойынқұм және Төлеби ауылдарына әуе маршруттарын ашу мүмкіндіктерінзерделеу, соның ішінде қажеттілікті анықтау, әуеайлақ салуға кететін шығын көлемінанықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде», – дейді Жамбыл облыстық жолаушылар көлігіжәне автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков.
Айтакетейік, Мойынқұм ауылынан облыс орталығына бір кездері, яғни 1966-90 жылдараралығында күнделікті екі рет АН-2 және ЯК-40 ұшақтарымен әуе тасымалы қызмет көрсеткен.Алайда тәуелсіздік алғаннан кейінгі 90-жылдардың басындағы еліміздегі қаржылық қиындықтарғабайланысты аталған әуе маршруты жұмысын тоқтатқан болатын.
Алдағыуақытта ол қайта жаңданып, көпшіліктің тілегі орындалмақ. Әуе тасымалы іске қосылғандаекі арадағы автокөлікпен жетуге болатын бес сағаттық жол үш есеге дейін қысқарып,1-1,5 сағатта жетуге мүмкіндік туады деп күтілуде. Оны енді уақытында көрежатармыз.