Live

Канье Уэсттің Алматыдағы концертіне арналған билеттердің сатылымы кейінге шегерілді

Алматыда америкалық рэпер Канье Уэсттің концертіне билет сату жоспарланған мерзімнен кеш басталады. Мұндай шешім «Қайрат» футбол клубының Орталық стадионда концерт өткізуге қатысты мәлімдемесінен кейін қабылданды.

Канье Уэст

Концертті ұйымдастырып жатқан First Media Group пен Freedom Holding компаниялары қазіргі уақытта клуб басшылығымен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тараптар барлығына тиімді шешім табуға тырысуда.

Жаңартылған кестеге сәйкес, билеттердің алдын ала сатылымы 21 шілде күні сағат 12:00-де басталады. 21–22 шілде аралығында билеттерді тек Freedom пайдаланушылары шектеулі алдын ала сатылым арқылы сатып ала алады. Ал 23 шілдеден бастап сатылым барлық көрерменге ашылады.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар концерттің өтетін күні мен орны өзгермегенін мәлімдеді. Қазіргі жоспар бойынша Канье Уэсттің концерті 14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Еске салайық, бұған дейін «Қайрат» футбол клубы 14 тамызға жоспарланған концерттің өзімен келісілмегенін хабарлаған болатын. Клуб бұл кезеңде Қазақстан чемпионаты аясындағы өз алаңындағы матчтарын өткізуі тиіс екенін, сондай-ақ еурокубок ойындарының өтуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз