13:37, 26 Қаңтар 2024
Қаңтар оқиғасы: сотталып, азапталған Дәнебаевқа шұғыл ота жасау керектігі хабарланды
Қаңтар оқиғасынан кейін сотталып, азапталған Тимур Дәнебаевқа шұғыл ота қажеттігі хабарланды, бұл туралы оның адвокаты хабарлады, деп жазды Zhasalash.kz.
"Тимурды ұрып-соққан жерлері мазалайды екен. Азаптаудың салдары. Оған шұғыл операция қажет. Видеода оны жамбасынан ұрғаны көрінеді" деді адвокат Жалғас Сапарханова.
Ал Тимур Дәнебаев отырған N64 мекеме басшысы Сүйіндік Малғаждарұлы Тимур Дәнебаевтың денсаулығы қалыпты екенін айтқан. Өзге сұрақтарға жауап бермейтінін айтқан ол, "Достық" клиникасынан сұрауды өтінген.