Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:48, 19 Наурыз 2024

«Қаңтар оқиғасында» азаптау фактілерін қолданған полиция қызметкерлері сотталды

қаңтар
Фото:

Талдықорған қаласының сотымен 18 наурыз 2024 жылы "қаңтар оқиғасы" барысында азаптау фактілерін қолданған бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарылды (ҚК 146-бабы).

Қылмыстық іс Жетісу облысының арнайы прокурорларымен тергеп-тексерілген.

Мемлекеттік айыптаушылар 2022 жылғы 5-16 қаңтар аралығында Алматы облысы полиция Департаментінің ғимаратында кінәлі тұлғаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылықпен қатар, тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағаны дәлелденді. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жеті жәбірленушіге әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттары келтірілген, деп хабарлады прокуратура.

Сот үкімімен үш сотталушы 4 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айырудың әртүрлі мерзімдеріне сотталып, олардың біреуі бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылды.

Сонымен қатар, сот оларды арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Фото: inbusiness.kz