Live

Қарағандыда Динара Мыңбаеваның өліміне қатысты іс қайта қаралуы мүмкін

Қарағандыда 28 жастағы Динара Мыңбаеваның туыстары оның өліміне қатысты тергеуді қайта бастауды талап етіп отыр.

Динара Мыңбаева

Екі баланың анасы 2025 жылдың 3 шілдесінде жұбайымен бірге тұрған пәтерден өлі күйінде табылған.

Қылмыстық іс жабылып, оқиға өз-өзіне қол жұмсау ретінде сараланған. Алайда марқұмның жақындары бұл нұсқаға сенбейді.

Динараның әпкесінің айтуынша, қайтыс болардан бір күн бұрын ерлі-зайыптылар арасында жанжал болған. Әйел полиция шақырып, өзін күйеуі ұрғанын айтқан. Туыстарының сөзінше, оқиға орнына келген полицейлер арызда тек ауызша қорлау фактісін көрсетуге көндірген.

Сол түні Динара анасына телефон шалып, күйеуі оны ұрып, тұншықтырғанын айтып, балаларымен бірге алып кетуін сұраған. Анасы Шымкенттен келуге дайындалған. Алайда осы әңгімеден кейін Динара байланысқа шықпаған.

Туыстары марқұмның денесінде көгерген іздер болғанын және қайғылы оқиғадан кейін пәтердегі кілемнің жоғалып кеткенін мәлімдеді. Олар Динараның өлтіріліп, өлімі өз-өзіне қол жұмсау ретінде көрсетілуі мүмкін деп күдіктенеді.

Марқұмның жақындары Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінен істі қайта қарап, қайғылы оқиға қарсаңында шақыртуға барған полицейлердің әрекетін тексеруді сұрап отыр.

Динараның артында үш және бір жарым жастағы екі ұлы қалды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз