Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:43, 29 Қаңтар 2024

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамға іздеу жарияланды

жедел жәрдем жүргізушісі:
Фото:

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті Нұрболат Дәкебаевқа іздеу жарияланды, деп жазды Zhasalash.kz.

Полицейлер Қарағандының барлық сауда үйлері, бағаналар, аулалардағы дүкендер мен дәріханаларда Майқұдықта жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрды деген күдікті Нұрболат Дәкебаев іздестіріліп жатқаны туралы хабарламалар ілді. Ер адам аса қауіпті қылмыскер болмағандықтан, күдіктіні іздеу шаралары 2-санатқа жатады. 

"Бізге учаскелік полиция инспекторы келіп, тұтынушыларға көрінетін жерлерге хабарлама ілуді тапсырды. Біз бейбіт ұйыммыз және әрқашан зорлық-зомбылыққа қарсымыз. Сондықтан 5-6 іздеу ақпаратын алып, бірнеше жерге іліп қойдық", - деді "Аян" сауда үйі қызметкерлері.

Еске салайық, 28 қаңтарда жедел жәрдем қызметкерлері дене қызуы көтерілген және қызылшаға күдігі бар баланы ауруханаға әкетпек болып Майқұдықтағы аулалардың біріне келген. Сол сәтте өтер жол қалдырмадың деп наразылық білдірген ер адам жүргізушіні соққыға жыққан.

"Ұрып, ұрып кетіп қалды. Мен ана жерде не істерімді білмей қалдым. Машинаға отырдым. Фельдшерлер айтты жүре аласың ба деп. Мен айттым жоқ деп. Себебі көзім ісіп жұмылып қалды. Одан кейін 102 келді. Басқа бригада шақырттық",- деді жедел жәрдем жүргізушісі. 

Қазір жәбірленуші облыстық ауруханада мидың шайқалуы, қабырғасының жабық сынуы, бас сүйек гемотомасы сынды диагнозбен ем қабылдап жатыр. Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният әлеуметтік парақшасында пікір білдіріп, мұндай жағдай құқық қорғау органдарының деңгейінде де, қоғамда да қатаң айыпталуы тиіс деді. Сондай-ақ, тергеу ісін тікелей назарда ұстайтынын мәлімдеді.