Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:15, 01 Қараша 2023

Қарағандылық құтқарушылар АМТ -ның ескертпелерге назар аудармайтынына шағымданды

сы
Фото: из открытых источников

Қайғылы жағдайдан кейін құтқарушылар апатты шахтада тіпті судың жоқтығын анықтады

Костенко атындағы шахтада қаза болған кеншілердің мәйіттері мен қалдықтарын алып шыққан қарағандылық шахта құтқарушылары АМТ компаниясының ескертпелерге назар аудармайтындарына шағымданды. Айтуларынша, олар «Арселор» шахталарында қауіпсіздік шаралары сақталмағанын бірнеше рет ескерткен, бірақ бұл фактілерге ешкім жауап бермеген.

Құтқарушылардың айтуынша, жарылыс салдарынан шахтада көптеген опырылулар орын алған, металл конструкциялары бұралған, механизмдердің бөліктері жатқан, кейбір жұмыс орындарын су басқан, электр жарығы болмаған.

Еске салсақ, 28 қазанға қараған түні Костенко шахтасында орын алған апаттан 46 кенші қаза болып, түрлі жарақаттар алды.