Карантин режимі сақталады – Алматы жедел штабы
Алматы әкімдігі жанындағытөтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб қала аумағындакарантин режимінің сақталатынын мәлімдеді.
Қалада жүргендесанитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары қатаң сақталуға тиіс. Оғанқоса Штабтың шешімімен қалада жұмысына рұқсат етілген кәсіпорындар менмекемелердің қызметкерлеріне ғана жүріп-тұруға болады. Атап айтқанда:
— мемлекеттік және құқық қорғауоргандары;
— коммуналдық қызметтер;
— өнеркәсіп;
— құрылыс;
— жобалық ұйымдар;
— жылжымайтын мүлікагенттіктері;
— ХҚКО (заңды тұлғаларға қызметкөрсету үшін);
— нотариустар;
— адвокатура;
— азық-түлік дүкендері менбазарлар;
— кафелер мен мейрамханалар(өзімен алып кетуге ғана болады);
— медициналық клиникалар;
— стоматология;
— зертханалар;
— дәріхана;
— көлік және логистика;
— дистрибуция;
— жанармай құю стансалары;
— онлайн жеткізу;
— Екінші деңгейдегі банктержәне басқа да қаржы ұйымдары (50%-ға дейін);
— сақтандыру;
— ломбардтар;
— бизнеске арналған кәсібиқызметтер (консалтинг, аудит және бухгалтерлік қызметтер);
— ақпараттық-коммуникациялықтехнологиялар;
— азық-түлік емес дүкендер,жалпы ауданы 500 шаршы метрге дейін;
— ТҚС, көлік жуу жәнешиномонтаждау;
— шаштараз;
— фотосалондар;
— гүл павильондары;
— химиялық тазарту (кір жууорындары);
— техника және аяқ киім жөндеуорындары;
— баспа үйлері;
— айырбастау пункттері;
— ветеринарлық қызмет.
Қоғамдық көліктің жұмыс тәртібіөзгеріссіз қалады (сағат 06.00-ден 19.00-ге дейін)
«Осыған байланысты азаматтарғакарантин мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау керектігінескертеміз. Карантинді бұзу (қызметті рұқсатсыз жүзеге асыру, оның ішіндежұмысқа шығу) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дербес жәнеқылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», — деп атап өтті жедел штабтан.
Сондай-ақжедел штабтың ресми өкілі облыстан қалаға кіре алмайтынымызды қоса айтты.Өйткені қаланың шетіндегі блокпосттар әлі жұмыстарын жалғастыратын болады.