Карантинде қоғам белсенділері неге қамалып жатыр?
Өткен жұмадабелсенді Әлнұр Ильяшев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ізінше келесі күніқоғамдық сенім кеңесінің бұрынғы мүшесі Арман Шораевтың да ұсталғаныхабарланды.
Екеуіне де «жалған ақпарат таратты» деген күдікке ілінген. Бірақнақты қандай жазбалары үшін айыпталып отырғаны белгісіз.
КҮШТІК ҚҰРЫЛЫМ АГРЕССИЯ ТАНЫТҚАН
Қазір БАҚ пен әлеуметтік желіде күштікқұрылымның Ә. Ильяшевті ұстау кезінде агрессия танытқанын талқылап жатыр. Белсендініңінісі Дос Ильяшевтің айтуынша, үйді тінтуге келген арнайы жасақ алдымен «пиццаалып келдік» деп алдамақ болған. Үй ішіндегілер есікті ашып қалғанда полицейлербасып кіріп адамдардың қолын бұрап жерге жатқызған. Ол кезде үйде үлкен кісілермен жас балалар болған. Оларды басқарыпжүрген офицерлер келгенде ғана адамдарды тұрғызыңдар деген бұйрық берген. Үлкенкіслер кейін жедел жәрдем шақыртқан. Белсендінің кәмелет жасқа толмаған қызыесінен танын қалған. «Олар террорист немесе экстремистті ұстап жатқан жоқ қой.Келіп дұрыстап түсіндірсе де болады ғой» дейді белсендінің жақындары. Олпікірмен құқық қорғаушы, белсенді Бақытжан Төреғожина да келіседі.
«Иә, бұлнормаларды бұзудың өте дөрекі түрі. Бізде мұндай жағдайлар жиі кездесіпжатады. Тінту кезінде ол жерде адвокат пен бауыры болған. Олар арнайы жасақтыңөздерінің құқығын таптағаны туралы сотқа арыз түсіре алады» дейді Бақытжан Төреғожина.
Алайда бұдан қандай да бір нәтиже болатынынакүмәнданады.
«Бірақ мұның қаншалықты әсер ететінін білмеймін. Мысалы,Мәмбеталин мен Нарымбаевта да осыған ұқсас жағдай болған. Сол кездегі соттаполицияның құзіретін асыра пайдаланғанын айтқанбыз. Бірақ одан еш нәтижешықпады» дейді ол.
ҚОРҚАҚ БИЛІК ҺӘМ ТӘЖІРИБЕСІЗ ШЕНЕУНІКТЕР
Көптеген құқықорғаушылар мен әлеуметтік желідегілер белсенділердің ұсталғанын талқылап,біразы сынап жатыр. «Біріншіден, біз бұл істің негізін зерттеп жатырмыз. ӘсіресеӘлнұрдың ісін майшаммен тексереміз. Сосын мұны эксперт мамандарға өткіземіз де Әлнұрдың қамалуы274-бабқа қаншалықты сай келетінін тексереміз. Әрине, біз істі объективті қарауүшін бар материалды жинаймыз» дейді Б. Төреғожина.
Құқық қорғаушылар 274 пен174 баптарды президент Тоқаев «алып тастаймыз» деп айтса да әлі еш өзгерісбайқалмай жатқанын айтады. Карантин біткен соң осы баптар мәселесімен әлі декүресетіндерін айтады.
«Шораев мырзға байланысты позициямызды кейін айтамыз.Себебі ол кісі өте беделді әрі танымал. Оныайппұлмен немесе шет аймақтарға шықпау туралы қолхатпен босатуы мүмкін» дейді заңгерлер.
Бақытжан Төреғожина билік қоғам наразылығынанқорқып, белсенділерді ұстап жатыр деп санайды.
«Әрине, карантин мен ТЖкоронавирустың таралуын азайтса да бұл біздің онсыз да оңбай тұрғанэкономикамызға үлкен соққы болады. Билік карантин біткеннен кейінгі халықтыңішінде бұрқ етіп шығуы мүмкін наразылық акцияларынан қорқып отыр. Бірақ неболса да бұлай адамдарды ұстау адамдыққа, зайырлы қоғам мәдениетіне сайкелмейді. Бұл тығырықтан шығуға көмектеспейді, керісінше саясатқа мүлдеараласпайтын адамның «патриоттық сезімін» қоздырмаса» дейді ол.
БЕЛСЕНДІЛЕР НЕСІМЕНТАНЫЛҒАН?
Әлнұр Ильяшевспортшы Денис Теннің мезгілсіз қазасынан соң белсенділігімен танымал болды. Солжағдайдан кейін «ішкі істер министірлігінің реформасын талап етіп» бейбіт жиынөткізуге 32 рет өтініш жазған, бірақ әкімшілік 32 рет бұған рұқсат бермеген.Кейін ол Алматы әкімдігінің өзін сотқа берді. Мұнысы қанағаттандырылмады.Былтыр «Наше право» партиясын құрмақ болған белсенділермен бірігіп, «Партияқұруға кедергі жасады» деп «Нұр Отан» партиясын айыптаған. Бұдан соң нұротандықтөрт адам «Іскерлік беделге нұқсан келтірді» деп Ильяшев пен басқа дабелсенділерді сотқа беріп, 20 млн талап етті.
Ал Арман Шораев Ұлттық қоғамдықсенім кеңесінің мүшесі болған. КТК телеарнасының бұрынғы бас директоры. Оған даҚК 274-бабы, 4-тармағы бойынша(Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату)айып тағылған. Ол соңғы кезде билікті қатты сынап жүрген еді.
ҚОҒАМ ПІКІРІ
Белсенділердің босатылуын көптеген белгіліазаматтар талап етіп жатыр. Factcheck.kz сайты да «Жалған ақпаратпен күресетінұйым ретінде Арман Шораев пен Әлнұр Ильяшевқа қатысты қабылданған санкцияларшамадан тыс және ұстау мен қамаудың себептері айқын әрі ашық емес деп санаймыз»деп мәлімдеді. Қазақстанныңжурналистері де ҚР-ның жоғарғы соты Жақып Асановқа үндеу жолдап қол жинапжатыр. Ол жерде арман Шораевты босату талап етілген.
Бұдан бөлек ҰланШәмшет, Геннадий Крестьянский, Бағдат Бақытбеков, Руслан Жанпейісов, ДанаяҚалиеваның сынды белсенділердің бірі 10-15 күнге қамалып жатса, келесілердіңсоты өткелі жатыр.
Думан ТЕРЛІКБАЙ