Карантиндік шектеудің кімдерге қойылмайтыны түсіндірілді
Үкімет Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы карантиндік шектеулер кімгеқойылмайтындығын түсіндірді Қала маңындатұратын және Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыс істейтін тұрғындар қалаға карантинкезінде келе алады.
Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кімкіре алатындығын ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі түсіндірді.
19 наурыз сағат 00.00-ден бастап енгізілген Нұр-Сұлтанжәне Алматы қалаларының аумағында адамдардың кіріп-шығуына қатысты шектеуадамдардың жекелеген санаттары үшін ерекшеліктерді қарастырады.
Олар мыналарды қамтиды:
• бұның алдында қаладан кеткен Нұр-Сұлтан және Алматықалаларының тұрғындары қалаға оралған кезде;
• қалаға бұрын келген басқа қалалардың тұрғындарықаладан шыққан кезде;
• бұның алдында шетелге кеткен ҚазақстанРеспубликасының азаматтары (Қазақстан Республикасына оралғанда);
• осыған дейін Қазақстан Республикасының аумағынакелген шетелдіктер елден кету үшін және одан әрі әуе кемесімен қайтумақсатында;
• шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар), ҚазақстанРеспубликасының аумағында тұруға рұқсатнама иелері;
• осыған дейін шет мемлекеттің аумағына кеткен ҚРазаматтары Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін;
• шетелге емделуге кеткін ҚР азаматтары денсаулықсақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсеткен жағдайда;
• елдің және шет мемлекеттердің дипломатиялыққызметінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға іс-сапарменкелген шет мемлекеттер делегациялары мен халықаралық ұйымдардың мүшелері;
• поездар мен локомотив бригадаларының мүшелері,сондай-ақ теміржол көлігімен тасымалдау процесстеріне қатысатын адамдар, әуекемелері, кеме экипаждары, халықаралық жүк тасымалымен айналысатын жүк көлігіжүргізушілері;
• ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер(отбасылық байланыс фактісі расталған жағдайда – жұбайы, олардың ата-аналарыжәне балалары);
• Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының маңында тұратын әріқалада жұмыс істейтін тұрғындар;
• әуе және теміржол транзитімен жүрген ҚР азаматтары;
• Covid-19-ға қарсы іс-қимыл жөнінде қалалық штаб жекеқарастыратын басқа ерекше жағдайлар;
19 наурыздан бастап, Нұр Сұлтан мен Алматы қалаларындакоронавирустың таралуына байланысты карантин жарияланады. Атқарылатын негізгі іс-шаралардыңбірі – адамдардың қозғалысын шектеу.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирустың 35 жағдайы тіркелгендігірасталды, оның 15-і Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтанда.