Қоғам

Карантиндік шектеулер енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды - ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде COVID-19-ға байланысты жаппай шектеулер енгізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

в

Әлеуметтік желілерде 15 қыркүйектен бастап барлығына карантиндік шектеулер мен бетперде режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды, делінген хабарламада.

Комитет нақтылағандай, 15 қыркүйектен бастап эпидемиялық маусымда профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін тұмауға қарсы егу жұмыстары басталады. 

Ал, маска режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі. Сондай-ақ, ведомство коронавирус инфекциясы бойынша жағдай бақылауда екенін айтты.

Жалған ақпарат таратқан тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілген.

 

Тегтер: коронавирус
Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз