Өңір

Карантиннен кейін де өмір бар

Түркістан облысындакоронавирус індетін жұқтырғандардың саны көбейе бастады. Кешегі күнгі мәліметбойынша өңірде COVID-19 дертімен науқастанғандардың саны 33-ке жетті.

Карантиннен кейін де өмір бар

Жетісайлық бір науқас қайтыс болды. Өңірде ауру жұқтырғандардың жартысына жуығыосы Жетісай ауданының тұрғындары. Осыған байланысты аталған ауданда алдын алушаралары жүргізілуде. Ауру ошағы саналатын елді мекендерге, көшелерге, тұрғынүйлерге карантин енгізілді.

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойыншааурудың таралуын одан әрі өршітпеу үшін өңірде 17 сәуірге дейін біраз шектеулеренгізілді. Төтенше жағдайдың салдары тым ауыр болатын сияқты. Аты өшкір жаманіндет халықтың әлеуметтік тұрмысына үлкен соққы болайын деп тұр. Өйткені жұмысышектелген немесе мүлдем тоқтатылған кәсіпкерлік нысандарында қаншама азаматкүнделікті нәпақасын тауып отыр емес пе? Үйде қол қусырып отырған адамға біреутамақ әкеліп бермейді.  Үкіметтің берген42 мың теңгесімен, салықтан уақытша босатумен, банктегі несиені төлеу мерзімінұзартумен де мәселе шешілмейді. Егер індеттің таралуы тоқтамай, төтенше жағдайтағы ұзартылар болса, жағдай қалай болады? Карантиннен кейін де өмір бар.

Төтенше жағдайдың салдарын азайту үшін «Нұр Отан» партиясыныңбастамасымен «Біз біргеміз!» акциясы өтіп жатыр.  Осы шараның аясында тұрмысы төмен, көпбалалыотбасыларға тегін азық-түлік, бетперде, залалсыздандыру құралдары таратылуда. Арнайыашылған қорға жергілікті кәсіпкерлер ақша аударып жатыр. Қазақылықтың қаймағыбұзылмаған оңтүстік өңірі қайырымдылығымен  аты шыққан кәсіпкерлерден кендеемес. Бұған былтыр Арыста болған жарылыстан кейінгі бастамаларды мысалға келтірсекте жетеді. Бұл жолғы шараға бизнесмендердің алды 100 миллион теңгеден тастады.25 миллион, 20 миллион, 10 миллион, 5 миллионнан аударып жатқандар да бар.«Көппен бірге біз де үлесімізді қоссақ» деп ниет еткендер де жоқ емес сияқты (бізгежеткен ақпараттарға қарағанда, қайырымдылық шарасы жақында жаппай біркүндікжалақы аударумен жалғасатынға ұқсайды). Жергілікті кәсіпкер, облыс әкімініңбұрынғы орынбасары Болатбек Әлиевтің әлеуметтік желідегі жазбасына қарағанда,шараға жергілікті шенеуніктер де белсене атсалысып жатқан көрінеді. «Мемлекеттікоргандардан ұдайы қоңыраулар түседі. Арнайы ашылған есепшотқа ақша аударудыөтінеді. Болмаса бірнеше мың маска сатып әперуді  (қазірдің өзінде 200 мың масканы тігуге материалдысатып алып қойдық, алдағы уақытта дайындап, тегін тарататын боламыз) сұрайды. Менкөмектесуден бас тартпаймын. Қысым жасамай-ақ жәрдемдесеміз. Қазір бизнескеқатты қысым жасауға болмайды, онсыз да әзер тұрмыз», – деп жазыпты кәсіпкер.

Болатбек Әлиевтің жазуынша, былтыр Арыстағыәскери қоймада болған жарылыстан кейін ол зардап шегушілерге 4 миллион теңгеліказық-түлікпен жәрдем берген. Бұдан кейін арнайы ашылған қорға 10 миллион теңгеаударыпты. Алайда кейіннен осы қордың әлдебір жекелеген азаматтардың атынатіркелгенін кездейсоқ естіп, қатты таңғалыпты. Аударған ақшасының діттегенжеріне жеткен-жетпегенін сұрағанымен, жергілікті шенеуніктер жалпылама жауаппенқұтылған. Мұның ар жағында біраз нәрсенің басы қылтияды.

«Қайырымдылық қорына түскен ақшалар тағы даәлдебіреулердің қалтасында кетпей ме?» деген күдік жалғыз Болатбек Әлиевтіңемес, көптеген кәсіпкерлердің көкейінде тұрғаны анық.  Тағы да деуіміздің себебі бар. ЖуырдаҚызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов пен оның орынбасары МаратДелмұхановтың істі болғаны белгілі. Атқамінерлермен бірге жергілікті екікәсіпкердің де қылмыстық жауапқа тартылып жатқаны айтылды (екеуі де облысәкімінің жақын туыстары). Бәріне «алаяқтық жасады» деген айып тағылған. Кейбірақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерге қарағанда, экс-әкім мен оның сыбайластары«Сыр мейірі» деп аталатын қайырымдылық қорына Арыстағы жарылыстан зардапшегушілерге арнап жиналған 80 миллион теңгеге қол салған көрінеді. Шенеуніктерақшаны алдымен төрт құрылыс компаниясына аударып, артынша ізім-қайым жоқ қылған.Бірақ ресми орындар облыс басшысының нақты қандай фактілер бойынша күдіккеіліккені, алаяқтық қылмысын қандай схема бойынша жасағаны туралы әзірге жақашқан жоқ. Неге? Оның себебін түсіну қиын емес. Елде індет тарап, үкімет тағыда кәсіпкерлерге алақан жайып отырған кезде мұндай ақпараттың қайырымдылықшарасына кері әсер етері айтпаса да түсінікті.

Жалпы, соңғы уақытта шенеуніктердің мәселені«бюджеттен тыс» қаржымен шешуге құмартып кеткені байқалады. Бірақ қазынаныңесебінде жоқ қаржы да осы мемлекеттің ырысы, әрбір теңгенің ар жағындабизнестік жобалар, жұмыс орны, төленетін салық жатыр емес пе?!  Бұл жолы жиналған қаржының тиынына дейін өзмақсатына жұмсалатынына кім кепіл бола алады?

P. S. Айтпақшы,мұнай арзандап, баға қымбаттап, алыс-беріс тоқтаған кезде қалтасынан қайырымдылықшарасына миллиондарды суырып бере салу – азаматтың азаматына ғана жарасатынмәрттік. Алда парламент және мәслихат сайлауы келе жатыр. Бұл жолғы доданың партиялықтізім бойынша өтетіні  әлдеқашан шешіліпқойған.   Қайырымды кәсіпкерлерге билік партиясыныңқандай уәде бергені, оларды қалай марапаттайтыны осы саяси науқанда белгіліболып қалуы әбден мүмкін.

БақытжанӘБДІРАШҰЛЫ,

Түркістаноблысы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз