Қоғам

Қаскелеңдегі үшемнің өлімінен кейін перинаталдық орталықтар тексеріледі

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстандағы барлық босандыру ұйымдарына кешенді тексеру жүргізуді тапсырды.

сәби

Министрліктің мәліметінше, 15 тамызға дейін елдегі 69 перинаталдық және босандыру ұйымының жұмысы тексеріледі.

Мұндай шешім Қаскелеңде болған қайғылы оқиғадан кейін қабылданды. Алдын ала мәлімет бойынша, 28 жастағы жүкті әйел жүктіліктің алтыншы айында үш бірдей сәбиінен айырылған.

БАҚ-та жарияланған ақпаратқа сәйкес, марқұмның туыстары дәрігерлердің кесарь тілігін жасау жөніндегі ұсынымдарға қарамастан табиғи жолмен босандырғанын айтып, оқиғаны жан-жақты тергеуді талап еткен. Осыған байланысты отбасы полицияға арыз түсірген.

Ал дәрігерлер нәрестелердің шетінеуіне мерзімінен бұрын босану мен ұрықтардың жетілмеуі себеп болғанын мәлімдеген.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына медициналық ұйымдарды дезинфекция және зарарсыздандыру құралдарымен, жеке қорғаныс жабдықтарымен, заманауи медициналық техникамен және бір реттік шығыс материалдарымен толық қамтамасыз етуді тапсырды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз