09:32, 06 Қараша 2023
Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты
Танымал қазақстандық кәсіпкер 6 қарашада бостандыққа шықты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Боранбаевқа қатысты пробациялық бақылау жағдайында жазасын тұрғылықты жері бойынша өтейтін болады.
Еске салайық, Ақмола облысының соты 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбавтың жазасын жеңілдетіп, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын. Сот шешімі бойынша ол пробациялық бақылауда болады.
Үкімді ауыстыру кезінде келесі мән-жайлар ескерілді:
- сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеді;
- мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеп, тергеуге көмектесті және ісіне өкінеді;
- қамауда ұстау кезінде оған оң сипаттама берілді.
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың бостандыққа қашан шығатынын айтты. Бұған дейін кәсіпкердің түрмеден шығатыны хабарланған еді.