Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:28, 01 Сәуір 2024

Қайрат Сатыбалды: Мен өз кінәмді толық мойындаймын

ы
Фото: из открытых источников

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды ақша жымқыру ісі бойынша кінәсін толық мойындады.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қ.Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы өтті.

Сатыбалды ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстату (ҚК-нің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы) бойынша айыпталып, прокурор айыптау актісін оқыды. Қ.Сатыбалды өзіне тағылған айыпты толығымен мойындады. 

Ал, алдын ала тыңдау барысында қорғаушы тарап кінәсін мойындау және заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы процестік келісім жасау туралы өтінішхат берді. Осыған байланысты сот процестік келісімді жасау мәселесін шешу үшін уақыт берді.  Сот отырысы белгісіз мерзімге шегерілді, делінген Жоғарғы сот мәлімдемесінде. 

Қайрат Сатыбалды тағылған айыпты толық мойындап, айыптау актінде көрсетілген сомалармен келісіп, дәлелдемелерге дау туғызбайынын айтқан.

«Айыптың мәні түсінікті. Мен өз кінәмді толық мойындаймын. Мен сомалармен келісемін және дауласпаймын», деді ол.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, қылмыстық жолмен алынған қаражат пен заңсыз ақшадан түскен пайданы Қайрат Сатыбалдыұлы әртүрлі мүлікке, соның ішінде шетелде де иемденіп, Қазақстандағы және шетелдегі банк шоттарына ақша салған.

Айа кетейік, Қайрат Сатыбалды 2022 жылы 26 қыркүйекте ұрлық жасау және екі компанияға мүліктік залал келтіргені үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сондай-ақ, ол мемлекетке 55 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарған.

Фото: liter.kz