14:55, 11 Желтоқсан 2023
Қайрат Сатыбалды түрмеден сытылып кетті ме?
Әлеуметтік желіде Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының шартты түрде түрмеден босап шығуға өтініш берді деген ақпарат таралған болатын.
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бүгін 11 желтоқсанда БАҚ өкілдеріне берген жауабында Сатыбалдының шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына өтініш беру құқығы шектелмегенін, оның басқа сотталушылармен құқығы тең екенін айтты. Шындалиевтің сөзінше, Сатыбалдының өтінішін сот қарайды.
Еске салайық, Қайрат Сатыбалдыға «алдау жолымен мүліктік залал келтірді», «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салды» деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Қайрат Сатыбалды кінәлі деп танылып, бірнеше бап бойынша 6 жыл бас бостандығынан айырылған болатын.