Әлеумет

KAZ Minerals шахтасында тағы да апат: жұмысшы қаза тапты

Абай облысында Бородулиха ауданында орналасқан Орлов өндірістік кешенінің шахтасында адам өліміне әкелген оқиға болды.

Шахта

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, шахта ішінде тау жынысы опырылған. Алдын ала ақпарат бойынша, үйінді астында екі жұмысшы қалған.

Олардың біреуі оқиға орнында көз жұмды. Екінші жұмысшы табылып, қажетті медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

KAZ Minerals компаниясының баспасөз қызметі бұл қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.

«Оқиға бойынша жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр», — делінген компания мәлімдемесінде.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылдың наурыз айында да Абай облысындағы Бородулиха ауданында орналасқан Орлов шахтасында жазатайым оқиға болып, бір жұмысшы қаза тапқан еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз