Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:17, 04 Сәуір 2024

Қазақстан АҚШ-қа тікелей әуе рейстерін ашады

ы
Фото: из открытых источников

Қазақстан АҚШ-тың Федералдық авиация әкімшілігімен Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын орнату үшін ұшу қауіпсіздігін бағалау туралы келісімге қол қойды.

Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады. 

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен және Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігімен бірлесе отырып әрі ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен АҚШ Федералды авиациялық әкімшілігімен ұшу қауіпсіздігі бойынша алдын ала халықаралық бағалауды (IASA) өткізу туралы келісімге қол қойды, делінген хабарламада. 

Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын орнату үшін IASA FAA-ның Қазақстандағы ИКАО халықаралық авиациялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін алдын ала бағалауы қажет.

IASA-ны алдын ала бағалау бұдан әрі Федералды авиациялық әкімшілігінің 1-санаттағы мәртебесін алуға бағытталған және тиісті әуе кемелері болған кезде Қазақстан мен АҚШ арасындағы отандық әуе компанияларына тікелей әуе қатынасын іске қосуға мүмкіндік береді, дейді ведомства.

Фото: Air Astana

Тегтер: