Қазақстан Азия ойындарында 14-ші медаль жеңіп алды

Шаңғы жарысынан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
Шаңғы жарысынан Қазақстан әйелдер құрамасы Харбин қаласында (Қытай) өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында 4 х 5 шақырымдық эстафетада күміс жүлдегер атанды.
Медаль үшін белдесуде біздің құрама Жапония құрамасын ұтқанымен, Қытай құрамасынан жеңіліп қалды. Құрамада Камила Елгазинова, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина болды.
Айта кетейік, Қысқы Азия ойындары 7 ақпанда ашылды. Ойындар Харбин мен Ябулиде өтіп жатыр. Жарысқа Қазақстан атынан 137 спортшы қатысуда, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті. Жарысқа Азияның 32 елінен мыңнан астам спортшысы барған.
Медальдар спорттың 11 түрінен беріледі. Шорт-тректен басқа, оларға конькимен сырғанау, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, керлинг, тау шаңғысы, сноуборд, фристайл, шаңғы жарысы, биатлон және шаңғымен альпинизм кіреді.