спорт

Қазақстан Азия ойындарында алғашқы алтын медальге ие болды

Қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 10 медаль бар: 1 алтын, 2 күміс, 7 қола

спорт

Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

“Скиттегі” топтық сайыста Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина жеңіске жетті. Біздің спортшылар сондай-ақ Азия ойындарының рекордын орнатты.

Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 10 медаль бар: 1 алтын, 2 күміс, 7 қола.

23 қыркүйекте басталған додаға спорттың 30 түрінен 524 отандасымыз (262 ер, 262 әйел) бақ сынап жатыр. азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.

Жангүл Есениязова
Жангүл Есениязова Жангүл Есениязова

Оқыңыз