Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:34

Қазақстан чемпионы Өзбекстан құрамасының бас бапкері атанды

1
Фото: из открытых источников

Қазақстандық «Ақтөбе» клубының бұрынғы шабуылшысы Тимур Кападзе Өзбекстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Өзбекстан футбол қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұлттық құраманың жаңа бас бапкері болып ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы Тимур Кападзе тағайындалды. Бұл Өзбекстан құрамасының жетекші бапкері Срекко Катанец денсаулығына байланысты Өзбекстан футбол қауымдастығымен келісім-шартты өзара бұзу туралы шешім қабылдағаннан кейін орын алды.

«УФА (Өзбекстан футбол ассоциациясы) Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне бірқатар үміткерлерге талдау жасады. Жергілікті және шетелдік мамандармен келіссөздер жүргізілді.

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына аз ғана уақыт қалғанын ескере отырып, Тимур Кападзенің пайдасына шешім қабылданды. Ол Өзбекстан U-23 құрамасымен тарихи жетістікке жетті, жаттықтырушылық қабілеті бар, сонымен қатар ойыншылармен жақсы таныс және ұзақ уақыт ұлттық құраманың намысын қорғады.

Тимур Кападзе жақын арада Катарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Өзбекстан құрамасына қосылады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тегтер: