Live

Қазақстан дәріханаларынан «Трамадолдың» бір түрі сатылымнан шығарылады

Қазақстанда ауырсынуды басатын «Трамадол Ланнахер» (100 және 150 миллиграмм дозадағы таблеткалар) дәрілік препаратының тіркеу куәліктері қайтарып алынды.

1

 Денсаулық сақтау министрлігі бұл шешімнің дәрінің сапасына немесе қауіпсіздігіне еш қатысы жоқтығын түсіндірген.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің хабарлауынша, препаратты қайтарып алу өндірушінің – «Бауш Хелс» ЖШҚ компаниясының өз бастамасымен жүзеге асырылған және бұл тек ішкі бизнес-шешімге байланысты болған.

«Аталған дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін қайтарып алу бұл препараттардың сапа, тиімділік немесе қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуін анықтаумен байланысты емес», — деп атап өтті ведомстводағылар.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды сабырға шақырды: трамадол нарықтан толықтай жоғалып кетпейді.

2026 жылғы 13 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанның дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінде тура осындай әсер етуші заты бар (таблетка түрінде де, ампула түрінде де) тағы жеті препарат тіркелген. Оларды басқа үш өндіруші жеткізеді:

  • Protech Biopharma Pvt. Ltd. (Үндістан);
  • G.L. Pharma GmbH (Австрия);
  • «Химфарм» АҚ (Қазақстан).

Бұл медикаменттердің барлығы бұрынғыша елде қолжетімді және дәрігердің рецепті бойынша қолдануға рұқсат етілген.

Тегтер: Трамадол
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз