«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы Мәжілістің қарауына енгізілді
Мәжіліс «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасын жұмысқа қабылдады.
Заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Мәжіліс депутаттары Ерлан Саиров, Аманжол Әлтай және Наталья Дементьева кірді.
Сонымен қатар Мәжіліс бірқатар басқа да заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Олар:
– Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы;
– Қазақстан мен Сингапур арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы;
– Халықаралық жүктерді жолмен тасымалдау шарты туралы конвенция және оның электрондық жүк құжатқа қатысты қосымша хаттамасын ратификациялау туралы құжаттар.