Қоғам

Қазақстан IT саласындағы алпауыттарды артқа тастап, WSIS Prizes 2025 байқауында жеңіске жетті

7 шілде күні Женевада өткен әлемдік цифрлық саммитте – WSIS+20 форумының аясында Қазақстанның жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық байқауында бірінші орын алды.

1

Бұл туралы ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Төребаев жазды.

Награданы Халықаралық электр байланысы одағының (МСЭ) басшысы Дорин Богдан-Мартин өзі табыстады. Салтанатты рәсімге түрлі елдер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Байқау барысында дауыс беруге әлем бойынша 2 миллионнан астам адам қатысқан, ал финалда қазақстандық жоба 4 бәсекелесін басып озды. Жеңіс сыйлығын Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин табыстады. Салтанатты іс-шараға мүше мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

САК дегеніміз не?

САК – Қазақстан Республикасы Президенті істері басқармасының инженерлік-техникалық орталығы әзірлеген инновациялық цифрлық жүйе. Ол еліміз бойынша:

  • 500-ден астам көрсеткішті нақты уақыт режимінде қадағалап отырады
  • Аймақтық және ұлттық деңгейде стратегиялық шешім қабылдауға көмектеседі
  • Президент әкімшілігі мен Істер басқармасында сәтті қолданылып жатыр.
  • Айта кетейік, WSIS Prizes байқауында Қазақстан соңғы рет 2013 жылы да жеңіске жеткен.
  • Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, бұл – елдің технологиялық даму деңгейінің халықаралық мойындалуы және цифрлық құралдардың мемлекеттік басқарудағы нақты нәтижелі құралға айналғанының дәлелі.
Тегтер: IT Қазақстан
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз