Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:51, 26 Маусым 2024

Қазақстан қыздар құрамасы Азия чемпионатында топ жарды

ҰОК
Фото: ҰОК

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті күрес түрлерінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында топ жарғанын мәлімдеді.

Иорданияның Хашимит қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия біріншілігі жалғасуда.

Қыздар құрамасы жарысты қола медальмен аяқтады.

Атап айтқанда:

Сәния Сұлтанғали (49 келі),

Мадхия Османова (53 келі),

Анна Стратан (57 келі),

Ұлдана Тілеухан (65 келі),

Зейнеп Эламас (69 келі),

Ақбота Қадыр (73 келі) құрлық додасында үздік үштікке енді