Қазақстан КТК арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуы мүмкін
Қазақстан Каспий құбыр консорциумының Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы экспорттық терминалына мұнай айдауды уақытша тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Басылым мәліметінше, мұндай шешімге соңғы күндері мұнай танкерлеріне жасалған бірнеше шабуыл себеп болған. Соның салдарынан кеме компаниялары КТК терминалына танкерлерін жіберуге қауіптеніп отыр.
Дереккөздердің айтуынша, Ресейдің Новороссийск порты маңындағы КТК терминалына мұнай жеткізу құбыр арқылы тоқтатылуы тиіс болған. Алайда Bloomberg материалы жарияланған сәтте бұл шешімнің нақты күшіне енгені туралы ақпарат расталмаған.
Айта кетейік, Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа шығаратын негізгі экспорттық бағыттардың бірі саналады. Соңғы күндері консорциум терминалы маңындағы танкерлерге бірнеше рет шабуыл жасалғаны хабарланған еді.