Қоғам

Қазақстан құрамасы Халықаралық биология олимпиадасында үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды

Литваның Вильнюс қаласында өткен 37-ші Халықаралық биология олимпиадасында (IBO-2026) Қазақстан құрамасы үш күміс және бір қола медаль жеңіп алып, ұлттық құраманың 1996 жылдан бергі үздік нәтижесін қайталады.

Оқушылар

12–19 шілде аралығында ұйымдастырылған әлемдегі ең беделді биология олимпиадаларының біріне 84 елден 330-дан астам дарынды оқушы қатысты. Қатысушылар күрделі теориялық тапсырмалармен қатар, зертханалық тәжірибелер бойынша да білімдерін сынады.

Жарыс қорытындысында Қазақстан құрамасы үш күміс және бір қола медаль иеленді.

Күміс жүлдегерлер:

  • Қайыркен Ерсұлтан – Павлодар облысындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
  • Әшірханов Әлихан – Алматы қаласындағы «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
  • Желтова Софья – Алматы қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы.

Қола жүлдегер:

  • Меженина Евгения – Қарағанды қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы.

Қазақстан құрамасын халықаралық додаға Лейла Асқарова, Ілияс Сәкімов, Кәмилә Садықова және Дінмұхаммед Оразбаев дайындады.

Айта кетейік, Халықаралық биология олимпиадасы 1990 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бұл білім бәйгесіне 1994 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Былтыр қазақстандық оқушылар төрт қола медаль иеленсе, биылғы нәтиже ұлттық құраманың соңғы 30 жылдағы ең үздік жетістіктерінің бірі болды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз