Бүгін, 12:44
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тағы қайталанды
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 309 шақырым жерде болған.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қарашаға қараған түні Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 318 шақырым жерде орналасқан.